Алматы қаласы Әділет департаментінің Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы бөлім мамандарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қызметтің ашықтығын арттыру, заң талаптарын сақтау және қызметтік әдеп нормаларын қатаң ұстану мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, қызмет барысында туындауы мүмкін тәуекелдер мен оларды болдырмау тетіктеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес аясында қолданыстағы антикоррупциялық заңнама талаптары түсіндіріліп, әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі атап өтілді. Қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, пікір алмасу өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1184658?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау