Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Ербол Ғалымжанұлы Құсайынов тағайындалды.
 
Ербол Ғалымжанұлы 1977 жылы дүниеге келген.
 
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін құқықтану және экономика мамандықтары бойынша бітірген.
 
Еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды облысының ішкі істер органдарында бастаған.
 
2001-2008 жылдары Бұқар-жырау ауданы әкімшілігінде әр түрлі лауазымда қызмет етті.
 
2008 жылдан бастап Ботақара кенті әкімінің орынбасары.
 
2009-2012 жылдары Жезқазған кентінің әкімі.
 
2012-2020 жылдары Жезқазған қаласының Жер қатынастары бөлімі басшысы қызметін атқарды.
 
2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1185517?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version