ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі қарсаңында Ленгір қаласы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
 
Іс-шара барысында қала көшелері мен тротуарлар, жол жиектері мұқият тазаланып, арық-лотоктардың іштері сыпырылды. Сонымен қатар, ағаштардың түбі әктеліп, қала аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл – тек тазалық шарасы ғана емес, қаланың көркеюіне және тұрғындардың өмір сүру сапасының жақсаруына арналған маңызды іс-шара.
 
Сенбіліктен шыққан қоқыстарды шығару жұмыстарына 3 трактор тіркемесі мен 4 трицикл жұмылдырылып, барлық қалдықтар арнайы орынға жеткізілді.
 
Мұндай сенбіліктер тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, туған жерге деген қамқорлықты арттырады. Қаламыздың әр көше, әр ауласы таза және көрікті болса, біз үшін де, келер ұрпақ үшін де жайлы орта қалыптасады.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1184973?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version