Түркістан облысы Шардара ауданы Қоссейіт ауылдық округінде өткен тағылымды қайырымдылық іс-шарада аталмыш ауылдағы «Сырдария» жалпы орта мектебін 2006 жылы бітірген түлектер көпбалалы әрі баспанаға мұқтаж отбасына үй сыйлап, ел алғысына бөленді.
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков сөз сөйлеп, игі бастама көтерген азаматтарға шынайы ризашылығын білдірді: Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының атқарушы хатшысы Бауыржан Шомпиев пен Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Нұрбол Жайнар да сөз алып, қайырымды істің маңыздылығына тоқталды.
Игі бастама аясында түлектер ауыл тұрғындарына ауызашар беріп, көпшілікпен бірге дастархан басында жүздесті. Кеш соңында ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, елге амандық, жұртқа тыныштық тіледі.
Жалпы, бұл шара – адамгершілік пен жанашырлықтың, туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Осындай ізгі амалдар қоғамдағы бірлік пен мейірімділікті нығайтып, кейінгі ұрпаққа өнеге болары анық.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1185474?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау