Наурызнама мерекесінің бесінші күні – Ұлттық киім күні. Осы атаулы күнге орай өңірлік ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінің қызметкерлері ұлттық нақыштағы киімдер киіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шара барысында қызметкерлер ұлттық киімдерді үйлесімді түрде киіп, қазақы сән мен салт-дәстүрдің өзара жарасымын айқын көрсете білді. Әрбір образда тек сыртқы әсемдік қана емес, ұлттық киімнің терең мағынасы мен функционалдық ерекшеліктері де ескерілді. Қатысушылар жас ерекшеліктері мен әлеуметтік мәртебеге сай киім үлгілерін таңдап, ұлттық мұраның сан қырлы болмысын жан-жақты танытты. Айта кету керек, сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың ұлттық киімі өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Ол халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты болып, эстетикалық талғам мен практикалық қажеттіліктің үйлесімін көрсетеді. – Бүгінгі іс-шара арқылы біз ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан құндылықтарға құрмет білдіріп, оны кейінгі ұрпаққа насихаттауды мақсат етеміз. Ұлттық киім – халқымыздың болмысы мен рухани әлемінің көрінісі, – деп атап өтті ҚАЖ қызметкері Динара Шахи. Осындай тағылымы мол шаралар қызметкерлердің ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып қана қоймай, көпшілікке өнеге боларлық үлгі көрсетті. Бұл – дәстүр сабақтастығын сақтап, ұлттық рухты жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiskzl/press/news/details/1185206?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау