«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Осы мемлекеттік қызмет «Е-лицензирование» порталы арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

– лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 5 (бес) жұмыс күні;

– лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні.

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Лицензиялық алым:

– лицензия бергені үшін лицензиялық алым 6 (алты) айлық есептік көрсеткішті құрайды;

– лицензияны қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі ставканың 10 (он) пайызын құрайды.

«Е-лицензиялау» порталында көрсетілетін қызметті алушы өтінішті және растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, мәліметтердің электрондық нысанын толтырады. Мәліметтердің электрондық нысанын толтыру кезінде мынадай деректер қажет: ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасына ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізудің стандарттау және әдістемесі жөніндегі құжаттардың болуы; өлшеу аспаптарына (дайындаушы зауыттың паспорты) құжаттарды растайтын өлшеу аспаптарының және өлшеу аспаптарын тексеру туралы сертификаттардың болуы; ветеринариялық білімнің және соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы мәліметтердің болуы.

Барлық сұрақтар бойынша Шипин көшесі, 153/3 үй, 200 кабинет мекенжайы бойынша немесе 39-06-94 телефоны бойынша Ветеринария басқармасының орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингілеу бөліміне хабарласуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/1185386?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version