Жамбыл облысында «Тазару күні» экологиялық акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Жамбыл облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының бірлесуімен «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тазару күні» атты экологиялық іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған шара «Металлургия зауыты» аумағына жақын жерде өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру болды.

Экологиялық акцияға түрлі мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысты. Атап айтқанда, Жамбыл облыстық ветеринариялық станциясының мамандары да шараға үлес қосып, ағаш отырғызу жұмыстарына атсалысты. Қатысушылар белгіленген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды жинап, аумақты абаттандыруға күш салды.

Шара барысында ондаған көшет отырғызылып, жасыл желекті көбейтуге бағытталған нақты жұмыстар атқарылды. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартумен қатар, тұрғындардың табиғатты қорғауға деген көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Жергілікті билік өкілдері мен қоғам белсенділері өңірдің тазалығы мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-veterinaria/press/news/details/1184887?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version