Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында ерекше рухани шара өтті.
Тектұрмас кесенесі аумағында 500-ден аса жас өнерпаз бір мезетте күй шертіп, ұлттық өнердің құдіретін паш етті.
Домбыраның күмбірлеген үні тарихи мекенді тербеп, жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады. Бұл ауқымды шара ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, жас буынның өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Күймен көмкерілген бұл кеш Наурыздың мәнін айшықтап, ел бірлігі мен рухани сабақтастықтың жарқын көрінісіне айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1185195?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау