Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін ерекше маңызға ие Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ораза айт – мейірім мен кешірімнің, қайырымдылық пен ізгіліктің мерекесі. Рамазан айында рухани кемелденуге ұмтылған халқымыз үшін бұл күн – береке мен бірлікті айшықтайтын, жүректерді жақындастыратын айрықша сәт.
Қасиетті ай бойы жасалған игі амалдар мен қайырымдылық істер қоғамымыздағы татулық пен өзара сыйластықтың нығаюына негіз болды. Айт күндері әр шаңырақта ақ дастархан жайылып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіліп, мұқтаж жандарға қолдау білдіріледі. Бұл – халқымыздың ізгі дәстүрлерінің жалғасы әрі рухани құндылықтарымыздың көрінісі.
Ораза айттың тағылымы – ынтымақ пен бірлікке, адамгершілік пен жанашырлыққа үндейді. Осындай асыл қасиеттер еліміздің тұрақты дамуы мен қоғамымыздың тұтастығын нығайтуға қызмет етеді.
Осынау мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, әр шаңыраққа амандық пен құт-береке тілеймін!
Айт қабыл болсын!
Құрметпен,
Ақтау қаласының әкімі
Әбілқайыр Байпақов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1186047?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау