19 наурыз – Жаңару күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде Еңбекші ауданы аумағында ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бастамасымен Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп өткізілді. Іс-шараға қала жастары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, “Blike Construction” құрылыс компаниясының ұжымы және аудан тұрғындары белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау және көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Акция аясында “Blike Construction” құрылыс компаниясының демеушілігімен көшеттер ұсынылып, Еламан шағынауданында отырғызылды.
Аталған бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, жасыл желек қорын арттыруға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1185618?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау