Абай облысында экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аягөз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өткізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары жан-жақты түсіндірілді, сондай-ақ табиғатқа ұқыпты қарау қажеттілігі жөнінде ақпарат жеткізілді. Қоршаған ортаны ластауға жол бермеу, абаттандыру қағидаларын сақтау, сондай-ақ қалдықтарды заңсыз төгу және экологияға зиян келтіретін өзге де әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тәртіп сақшылары экологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік, оның ішінде айыппұл санкциялары көзделгенін атап өтті. Тұрғындарға рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастау, белгіленбеген жерлерде қоқыс өртеу және су көздерін ластау сияқты құқық бұзушылықтардың қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп, халықтың денсаулығына кері әсер ететіні түсіндірілді.

Кездесу барысында азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жағдайлар бойынша түсіндірмелер алды. Сонымен қатар күнделікті өмірде экологиялық нормаларды сақтау бойынша ұсыныстар берілді.

Тәртіп сақшылары қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Тек бірлескен күш-жігер арқылы өңірдегі тазалық пен қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға болады.

Осындай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да халық арасында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1185549?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version