2026 жылғы 17-18 наурыз күндері Алматы облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналған екі күндік оқыту семинары өтті. Іс-шара Талғар ауданы, Бесағаш ауылдық округінде ұйымдастырылып, оған өңірдің білім беру ұйымдарынан 20 мұғалім қатысты.
Семинардың басты мақсаты – педагог қызметкерлердің діни экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу бағытындағы білім деңгейін арттыру, дін саласындағы заңнама, нормативтік құқықтық актілер және мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беру, сондай-ақ жастар арасында радикалды идеологиялардың таралуының алдын алу бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Семинардың алғашқы күні дінтану бағыты бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі Болат Шаймолдаұлы Шоманов «Білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру. Экстремизмнің алдын алу бойынша практикалық жағдайларды талдау» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында білім беру ұйымдарында экстремизмнің алдын алу бойынша нақты тәжірибелік мысалдар мен кейстік талдаулар ұсынылды.
Бұған қоса, дінтанушы-практик Бақдәулет Халилуллаұлы Әбдіхамитов «Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасы және экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларға дін саласындағы заңнамалық талаптар мен профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Семинардың екінші күні конфликтолог, психология ғылымдарының кандидаты, профессор Бақыт Амангелді «Жасөспірімдердің қауіпсіз және жауапты ойлау мәдениетін қалыптастыру: педагогтың психологиялық тәсілдері және практикалық жағдайларды талдау» тақырыбында дәріс өткізіп, педагогтарға жасөспірімдермен жұмыс жүргізудің психологиялық әдістері туралы түсіндірді.
Сонымен қатар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты, Дінтанулық зерттеулер орталығының директоры, PhD, қауымдастырылған профессор Алмасбек Дүйсенбекұлы Шағырбай «Қазіргі Қазақстандағы діни ахуал және радикалды идеологиялардың таралу факторлары» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі қоғамдағы діни үдерістер мен қауіп факторларына тоқталды.
Семинар барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім беру ұйымдарында жастар арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу бойынша тиімді тәсілдерді таоқыланып, соңында семинарға қатысқан педагог қызметкерлерге арнайы сертификаттар табысталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай оқыту семинарлары педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және жастар арасында экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу жұмыстарын тиімді жүргізуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-din/press/news/details/1185999?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау