Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдары қызметінің негізгі басым бағыттарына жатады.
Негізгі бағыттардың бірі болып, табыстарын жасыру фактілерін қоса алғанда, жосықсыз алимент төлеушілердің міндеттемелерді орындауын қадағалау табылады.
Жүргізілген талдау барысында алимент бойынша 3 419 250 теңге мөлшерінде берешегі бола тұра, борышкерлердің бірі «Y.Taxi Qazaqstan» ЖШС арқылы 1 498 023 теңгеден астам табыс тапқаны және үш айдан астам уақыт бойы алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін қасақана орындаудан жалтарғандығы анықталды.
2026 жылдың басынан бастап прокуратураның бастамасымен алимент төлеуден жалтарған 17 борышкерге қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабымен қылмыстық істер тіркелді.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін 95 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 350 баланың пайдасына 400 млн теңгеден астам сомаға алимент бойынша берешек өтелді.
Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу міндеті ата-аналарға жүктелгенін еске салады және барлық ата-ананы балалар алдындағы өз міндеттерін уақтылы орындауға шақырады.
Алимент төлеуден жалтару, әкімшілік (ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық жауаптылыққа (ҚР ҚК-нің 139-бабы) әкеп соғады.
Алматы қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1185678?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау