Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес 4А шағын ауданда орналасқан «Ақбота» саябағы аумағында заңсыз орналастырылған сауда нысандарын жою жұмыстары басталды.
Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан бұған дейін заңсыз нысан иелеріне тиісті хабарламалар жолданып, нысандарды өз еркімен демонтаждау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда ескертулерді елемеген кәсіпкерлердің нысандары бүгіннен бастап қала әкімдігінің күшімен мәжбүрлі түрде алынуда.
Қала аумағында заңсыз кәсіпкерлік қызметтің алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және абаттандыру талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Айта кетейік, аталған шаралар қала аумағында заңдылықты қамтамасыз ету, қоғамдық кеңістіктердің сәулеттік келбетін сақтау және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1186059?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау