Ақтауда Наурыз мерекесіне орай теңіз жағасындағы автомобиль жолы уақытша жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурыз мерекесіне орай Ақтау қаласында жоспарланған мерекелік іс-шараларға байланысты 22 наурыз күні теңіз жағалауы бойындағы автомобиль жолының бір бөлігі уақытша жабылады.

Атап айтқанда, көлік қозғалысы Самал шағын ауданынан бастап 14-шағын аудандағы «Астана» сауда орталығына дейінгі аралықта шектеледі.

Жол учаскесі сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін толықтай жабық болады.

Осыған байланысты, Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1186043?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version