«Ақтөбе» АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы болып Бақытбек Жомартұлы Есенғұлов тағайындалды.
Бұған дейін ол «Kazakh Invest» АҚ-тың өңірлік директоры қызметін атқарған. Қаржы, инвестициялық қызмет және корпоративтік басқару саласында айтарлықтай тәжірибесі бар, сонымен қатар мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі бар.
«Оның инвестиция саласындағы мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі компанияны тиімді басқаруға мүмкіндік береді. «Ақтөбе» АЭА басшылығына өңір үшін маңызы зор инвестициялық жобаларды тарту бойынша стратегиялық міндет жүктелді», — деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1185823?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау