Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарындағы іс-шараларды орындау аясында 2026 жылғы 19 наурызда Департаментте Ашық есік күні өтті.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 25 азаматты қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын қолдану мәселелері бойынша консультациялар алу үшін жүгінді, сондай-ақ жұмыс берушілердің үстінен еңбек құқықтарының бұзылуына байланысты шағымдар түсірді.
Барлық өтініштер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берілді. Түскен шағымдар белгіленген тәртіппен қарау үшін қабылданды.
Сонымен қатар, консультациялар беру барысында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, некеге мәжбүрлеуге, сталкингке және зорлық-зомбылықтың өзге де нысандарына мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелері де қамтылды.
#Qurmet
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1185664?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау