БӘЙДІБЕК: КЕҢСАЙ ЖӘНЕ ҚОШҚАРАТА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ ГАЗ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Ауданы әкімінің орынбасары Өмірзақ Қарабеков Борлысай ауылдық округіндегі бірқатар нысандарды аралап, округке қарасты Кеңсай және Қошқарата елді мекендерінде жүргізіліп жатқан газдандыру құрылысының барысымен танысты.
 
Аталған жобалар ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық бастамалардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
 
Аралау барысында аудан әкімінің орынбасары мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген талаптарға сай жүргізу қажеттігін қатаң ескертті. Сонымен қатар, жұмыс қарқынын бәсеңдетпеу, қауіпсіздік талаптарын сақтау және нысандарды белгіленген мерзімде аяқтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
 
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою жөнінде нақты тапсырмалар беріліп, жауапты сала мамандарына тұрақты бақылау жүргізу міндеттелді.
 
Жалпы, аудан аумағында инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға басымдық берілуде.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1186470?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version