Бәйтерек ауданы Достық ауылындағы жалпы білім беретін мектепте «Жас құтқарушы» сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аталған шараға ТЖД бастығының орынбасары Марат Мұратов, оқушылар, мектеп ұжымы және бөлім қызметкерлері қатысты. Қонақтар жас өрендерді маңызды оқиғамен құттықтап, білім жолында табыс пен ел игілігі үшін қызмет ететін азамат болып қалыптасуларына тілектестік білдірді.
Салтанатты жиын барысында оқушылардың қатысуымен арнайы көрсетілімдер ұйымдастырылып, алғашқы дайындық деңгейлерін көрсетті. Алдағы уақытта бұл сынып оқушылары өрт қауіпсіздігі ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайларда әрекет ету және эвакуация тәртібі бойынша жан-жақты білім алатын болады.
Батыс Қазақстан облысында бір жыл ішінде 17 «Жас құтқарушы» сыныбы ашылып, онда 340-қа жуық оқушы білім алуда. Бұл бастама — өскелең ұрпақты жауапкершілікке, батылдыққа баулып, кез-келген өмірлік жағдайға дайын болудың маңызды қадамы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1186378?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау