Бауырсақ Fest 2026
2026 жылғы 18 наурызда Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі базасында II облыстық «Бауырсақ Fest 2026» фестивалі өткізілді. Іс-шара аясында қатысушы командалар Наурыз мерекесінің атмосферасын бейнелейтін ұлттық стильде «Арт-стол» безендіріп, түркі халықтарының дәстүрлері мен ұлттық нан түрлеріне арналған байқауға қатысты. Сонымен қатар, қатысушылар үшін қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау және ұлттық ою-өрнек элементтерімен бұйымдар жасау бойынша шеберлік сағаттарының таныстырылымдары ұйымдастырылды.
Фестиваль қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Бас жүлде: Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі
I орын: Рудный технология және сервис колледжі
II орын: Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі
II орын: Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі
III орын: Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі
III орын: Камшат Дөненбаева атындағы кәсіби-техникалық колледж
Фестивальге қатысқан барлық қатысушыларға және команда жетекшілеріне белсенді қатысқандары, жоғары дайындық деңгейі мен шығармашылық көзқарастары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1185791?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау