Тележобада театр және кино өнерінің майталмандары сахна төрінде өнер көрсетті:
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Әзірбайжан Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының әртісі, театр және кино актрисасы – Гүлмира Жакилина;
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театрының әртісі – Қайрат Мырзаболат;
Көкшетау қаласының, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, еңбек сіңірген әртісі, «Көкшетау» МС әншісі – Бисара Макенова.
Сонымен қатар, Көкшетау қаласының шығармашылық ұжымдары да кештің көркін қыздырып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. ✨
Кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көктемнің шуақты сәттерін бірге сезінуге мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1186050?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау