«Халық әні – қазына»: Берік Рамазановтың шығармашылық кеші

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20 наурыз күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында әнші, өнерпаз Берік  Рамазановтың  шығармашылық кеші өтті.

Тарбағатайдың самал желін жұтып, баурайында бой түзеген Беріктің ән кеші Наурызнама онкүндігі аясындағы «Ынтымақ» күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Шараға кеш иесінің туыстары, жерлестері, өнердегі әріптестері, кітапхана оқырмандары қатысты. Кеште Берік Рамазановтың орындауындағы әндер көрермендер назарына ұсынылды. Ақын, актер, әнші, драматург, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есенәлиев ағамыздың және ақын Жандос Асқабиевтің Алматы қаласынан арнайы жіберген бейне құттықтауы кештің мәрбебесін көтерді.

Ән – көңілдің ажары, жыр – жүректің сыры. Кеш барысында кітапхана қызметкері Қанатқызы Ұлпан көктем тақырыбында әдемі поэзия оқыса, асабалар Медет Есімжан, Ерлан Қабатай достық тілектерін арнап, әннен шашу шашты.

Беріктің сыныптастары иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. «Төр Алтайдың әдеби әлемі» клубы да өз құттықтауларын жеткізіп, өнерпазға кітап сыйлады.

Әр шаңыраққа құт қондырып, әр жүрекке шаттық толтырған әз-Наурыз мерекесі қарсаңында өткен шығармашылық кеш кітапхана ұжымы үшін де нағыз рухани тарту болды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1186032?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version