КЕЛЕС: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА КӘСІПКЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Ашық форматта өткен қабылдауда аудан тұрғындарының түрлі бағыттағы өтініштері тыңдалып, әрбір мәселе жіті назарға алынды.
Қабылдауға келгендердің бірі — аудан тұрғыны Медетова Сауле. Ол кәсіпкерлік мақсатта жер телімін алу мәселесін көтерді. Өз ісін кеңейтіп, ауылда кәсіп ашуға ниетті азаматша жер рәсімдеу тәртібі мен мүмкіндіктері жөнінде сауалдарын жеткізді.
Аудан әкімі тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, заң талаптарына сәйкес тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары түсіндіріліп, мәселені заң аясында шешу жолдары қарастырылатыны айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1185991?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version