КЕЛЕСТІК ӨНІМДЕРГЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында тұрғындарды қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Келес ауданының шаруалары белсенді түрде қатысты. Сауран секторында өткен шараға Сайрам, Келес аудандары және Кентау қаласынан келген өндірушілер өз өнімдерін ұсынды.
Келестік кәсіпкерлер мен шаруалар жәрмеңкеге ет және сүт өнімдерін, жұмыртқа, көкөніс, жеміс-жидек секілді табиғи әрі сапалы азық-түліктерін алып барды. Ұсынылған өнімдер тікелей өндірушілерден жеткізіліп, нарықтағы бағадан 30–50 пайызға дейін төмен бағада сатылды.
Жәрмеңке аясында Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қоры арқылы да 50 тоннаға жуық азық-түлік ұсынылып, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік жасалды.
Мұндай шаралар келестік шаруалар үшін өз өнімдерін кең нарыққа шығарып, тұтынушылармен тікелей байланыс орнатуға жол ашса, тұрғындар үшін сапалы әрі тиімді бағадағы өнімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта да Келес ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері осындай жәрмеңкелерге белсенді қатысып, өңір өнімдерін кеңінен таныстыру жұмыстарын жалғастыра бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1186391?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version