МАРАПАТТАУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 наурыз күні аудандық әкімшілікте Қордай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындыларына арналған кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңейтілген отырысқа аудан әкімінің міндетінін атқарушы Б.Сахатов және  сайлау процесін даярлау мен өткізуге уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, бас инспекторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Отырыс соңында республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу барысында қызметтік міндеттерін жоғары кәсіби және ұйымдастырушылық деңгейде орындағаны үшін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Сергалі Өмірзақұлы Айдапкеловтың Алғыс хатымен учаскелік референдум комиссияларының мүшелері және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері марапатталды.

Қордай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/news/details/1186069?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version