Марқакөл аудандық мәслихатының кезекті XXXVIII сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 наурыз күні Марқакөл аудандық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясы өтті.

Сессия барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, Марқакөл ауданының қаржы бөлімінің басшысы 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының өкілі Ерлан Русланұлы Әділов 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша жүргізілген тексеру қорытындысы туралы есеп берді.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе ретінде «Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/7-VIII “Марқакөл ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы” шешіміне өзгеріс енгізу туралы» ақпарат тыңдалды. Бұл мәселе бойынша Марқакөл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсултан Мақсұтұлы Бейсенов баяндама жасады.

Сессияда сондай-ақ Марқакөл және Қалжыр ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері тыңдалды. Атап айтқанда, Марқакөл ауылдық округінің әкімі Қуат Қизатұлы Қизатов және Қалжыр ауылдық округінің әкімі Махамбет Амантайұлы Омаров есеп берді.

Бұдан бөлек, Марқакөл ауданында тұрғын үй және инфрақұрылым нысандарын жаңарту жұмыстары туралы аудан әкімінің орынбасары Ермек Ақанұлы Мұқанов баяндама жасады.

Сессияның «Әр түрлі мәселелер» бөлімінде бірқатар шешімдерге өзгерістер енгізу қаралды. Атап айтқанда:

  • Марқакөл ауданы мәслихатының 2026 жылғы 26 ақпандағы №37/2-VIII «Марқакөл ауданы бойынша жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу;
  • Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 30 қазандағы №29/1-VIII «Марқакөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу.

Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-markakol/press/news/details/1186036?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version