МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қала әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен ұйымдастырылған мәжіліске мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Жиналыста мемлекеттік қызметшілерге іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемелеріне барудан бас тарту, әріптестерге өз діни нанымын таңбау және қол астындағы қызметкерлерді діни бірлестіктерге қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Жиналыс барысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оны жою бойынша нақты мысалдар келтіріліп, сыбайлас жемқорлық фактілерінің неден туындайтыны және оған жол бермеудің қарапайым әрі тиімді әдістері туралы кеңінен мағлұмат берілді.

Қатысушыларға мемлекеттік қызметтегі адалдық, ашықтық пен жауапкершіліктің маңыздылығы ескертіліп, өз қызметінде әділдік пен этика қағидаларын сақтау міндет екендігі айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1186425?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version