Баянды ауылының Аула клубының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, “Наурыз Думан” мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шараға Баянды ауылының әкімі Қадырбек Құдабайұлы қатысып, ауыл тұрғындарын әз-Наурыз мейрамымен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.
Шара барысында ұлттық дәстүрлер кеңінен насихатталып, ауыл тұрғындарына арналған мазмұнды мәдени-танымдық бағдарламалар ұсынылды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында ауылдың қоғамдық өміріне белсене атсалысып, ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар мекеме қызметкерлері ауыл әкімінің атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Наурыз мерекесіне арналған бұл шара ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды мереке болды.
⚜️ Баянды ауылы әкімінің аппаратының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1185782?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау