НАУРЫЗДА КЕЛЕТІН ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ– ҰЛТ РУХЫНЫҢ КӨРІНІСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️ Ораза айт мейрамы Наурыз мерекесімен қатар келіп, ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің жаршысына айналды.

✅ Наурыз айында Қазақстан халқы Жаңа Ата заңды қабылдап, жарқын болашаққа, Әділеттілік пен Өркендеуге бастайтын жолды таңдады. Конституциялық реформаны жаппай қолдау арқылы ұлт тарихының жаңа парағын ашты. 

✅ Наурыз да – Ұлттық киім күні кең көлемде аталып өтуде. Бұл күн – халқымыздың бай мәдени мұрасын жаңғыртып, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше мереке.

✅ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бұл игі бастаманы көктемнің алғашқы күнінен бастап қолдап, қазақы нақыштағы киімдерді күнделікті өмірде дәріптеп келеді. Аталған бастамаға департамент басшысы Жеңіс Мақұлбаев ұйытқы болып, әріптестерін ұлттық киім киюге шақырды.

✅Ұлттық киім – жай ғана сән үлгісі емес. Ол – халқымыздың тарихы, танымы, эстетикалық талғамы мен дүниетанымының көрінісі. Әрбір ою-өрнек пен нақыштың астарында терең мән, тәрбиелік тағылым жатыр. Осындай құндылықтарды насихаттау арқылы біз жас ұрпақтың бойына ұлттық мақтаныш пен рухани сабақтастықты қалыптастырамыз.

 

✅ Бүгінде біз орналасқан ғимараттағы  ұйымдар бұл үрдісті белсенді қолдап, ұлттық киім кию арқылы төл мәдениетімізге деген құрметін білдіруде.

#Qurmet

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1185948?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version