⚜️Ауданда Наурызнама онкүндігі аясында мазмұны бай, болашаққа бағытталған ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық Мәдениет үйінде жалпы білім беру мектептерінің оқушылары қатысқан робототехника көрмесі өтіп, жас дарындардың тың ізденістері мен заманауи технологияға деген қызығушылығы көрініс тапты.
⚜️Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін Наурыз мерекесі аясында ұйымдастырылған бұл көрме – өскелең ұрпақтың салт-дәстүрмен қатар, ғылым мен білімге құлшынысын артыру мақсатындағы игі-шара.
⚜️Іс-шара барысында мектеп оқушылары өздері құрастырған робот үлгілерін таныстырып, олардың жұмыс істеу принциптері мен мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндірді. Әрбір жоба – балғын ойдың батылдығы мен ізденістің жемісі екені анық аңғарылды. Қарапайым идеядан бастау алған туындылардың ішінде тұрмысты жеңілдетуге бағытталған, түрлі салада қолдануға болатын инновациялық жобалар көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
⚜️Көрмеге аудан әкімінің орынбасары Ілияс Тұрнияз қатысып, жас өнертапқыштардың еңбегіне жоғары баға берді. Өз сөзінде ол бүгінгі жастар – елдің ертеңі екенін атап өтіп, осындай бастамалардың маңыздылығына ерекше тоқталды. Жас буынның білімге құштарлығы мен технологияға деген қызығушылығы – еліміздің болашағына жасалған сенімді қадам екенін жеткізді.
⚜️Сонымен қатар, тиісті бөлім басшылары да көрмені аралап, оқушылардың жобаларымен танысып, өз пікірлерін білдірді. Олар мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін шыңдап қана қоймай, ғылыми ізденіске деген ынтасын арттыратынын атап өтті.
⚜️Көрме соңында оқушылардың жүзінен қуаныш пен мақтаныш сезімі анық байқалды. Олардың бойындағы жалын мен жігер, жаңашылдыққа деген ұмтылыс – ертеңгі ел дамуының кепілі екені сөзсіз.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1185579?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау