Ауыл шаруашылығы министрлігінде Наурыз мерекесіне орай спорттық жарыстар өтті. Оған ведомствоның 100-ге жуық қызметкері қатысты.
Жарыстарды өткізудің мақсаты – ұжымдық рухты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерді сақтау және дамыту.
Ашылу салтанатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы Сергей Ли мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға әділ бәсеке мен жоғары нәтижелер тіледі.
Жарыс бағдарламасына спорттың бес түрі енгізілді: тоғызқұмалақ, асық ату, шахмат, қазақша күрес және 16 келілік гір тасын көтеру. Қатысушылар мен көрермендердің ерекше қызығушылығын арқан тарту бойынша командалық жарыстар тудырды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1185570?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау