Облыс әкімі өңір тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа Конституцияның қабылдануымен еліміздің дамуында жаңа кезең басталды. Республикалық референдум қоғамның жоғары азаматтық жауапкершілігін айқындап, өңір тұрғындарының белсенді ұстаным танытып, жүргізіліп жатқан реформаларды қолдағанын көрсетті. Бүгін облыс әкімі салтанатты жағдайда Президент Жарлығына сәйкес бірқатар жерлесімізге мемлекеттік наградаларды табыстады. Сонымен қатар, өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып, ел дамуына үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар берілді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға жеке алғыс білдіріп, жоғары наградалармен марапаттады. Олардың қатарында біздің жерлестеріміз де бар. Мемлекет басшысының қолынан «Парасат» орденін облыстық мәслихат төрағасы, референдумның Халықтық коалициясы облыстық штабының жетекшісі, Конституциялық комиссия мүшесі Владимир Бубенко алды. Бұл марапаттар – тек ерекшелік белгісі ғана емес, қоғамның сенімі мен ризашылығының айқын көрінісі»,- деді өңір басшысы.


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1186034?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version