Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Аққайың ауданына барды. Смирново ауылында заманауи IT-орталықтың жұмысымен танысты – бұл облыс бойынша ашылған 11-ші орталық.
Жаңа орталық білім алып, дамуға қажетті барлық құралдармен жабдықталған. Бұл – жастар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы, олардың әлеуетін ашып, заманауи, сұранысқа ие дағдыларды меңгеруіне жол ашады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес цифрлық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытып келеміз. Біздің облыс – мұндай орталықтар тек қалаларда ғана емес, аудандар мен ауылдарда да ашып жатқан елдегі алғашқы өңір»,- деді өңір басшысы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1185737?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау