2026 жылдың 19 наурызында Шығыс Қазақстан облысының білім саласына зор үлес қосқан тұлғаны құрметпен еске алу, сондай ақ педагогтердің кәсіби өсуіне ықпал жасауға бағытталған маңызды әрі жүрекке жылы әсер қалдыратын маңызды күндердің бірі – облыстық ПМПК негізінде әдістемелік кабинетке Динара Тоқсанбайқызы Шаухина есімін беру рәсімі өтті.
Шараға білім беру жүйесінің өкілдері, достары мен жақындары қатысып жылы естеліктер айтылып, алғыс пен құрмет сөздері білдірілді. Шарада Динара Тоқсанбайқызының кәсіби жолы мен еңбегін көрсететін естелік стенд ашылып, оның өмірі мен қызметі туралы бейнеролик ұсынылды.
Осындай іс-шаралар кәсіби сабақтастықтың, дәстүрлер мен адами құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын еске салады. Динара Тоқсанбайқызының жарқын бейнесі мен еңбегі онымен бірге қызмет еткен жандардың жүрегінде және істерінде өмір сүруде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1185820?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау