Қала әкімі азаматтардың жеке сұрақтарын тыңдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сауалдарымен қабылдады.

Қала әкімінің қабылдауына келген азаматтар жер және тұрғын үй мәселесі, қала көшелеріндегі, көпқабатты тұрғын үй аумағындағы ретсіз өскен және қурап кеткен талдарды кесу, жеке тұрғын үйлердің кәріз жүйесі, балалар ойын алаңы, спорт алаңы, көлік тұрағын салу мәселелері туралы сауалдар қойды.

Сонымен қатар, тұрғындар Бурыл, 3-тұйық көшесіндегі су құбырын ауыстыру, жаңадан қосылған алқаптардың ауыз су, жол және электр жарығы бойынша сұрақтар жолдады.

Қала әкімі барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап беріп, алдағы уақытта тиісті шара қабылданатынын айтты.

Қабылдау қорытындысында сала мамандарына айтылған түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1185983?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version