Бурабай ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов Қатаркөл ауылындағы Мәдениет үйін аралап көрді.
Жаңа екі қабатты Мәдениет үйі 200 орынға арналған. Ғимаратта кітапхана, концерт залы, би залы, сондай-ақ мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге және шығармашылық үйірмелерге арналған басқа да бөлмелер қарастырылған.
«Қатаркөлде 30 жыл бойы Мәдениет үйі болған жоқ. Ал бізде шығармашыл адамдар көп — суретшілер де, жазушылар да, музыканттар да бар. Жаңа ғимарат – ауыл тұрғындары үшін нағыз сый», – деді зейнеткер Қабдрашит Махметов.
Қатаркөл тұрғындарын 24 жылдан бері шығармашылығымен қуантқан «Гармония» хор ұжымы — халық әндері байқауларының бірнеше мәрте лауреаты, ал екі жыл бұрын «Веснянка» вокалдық тобы құрылған. Шығармашылық ұжымдармен кездесуде облыс әкімі Қатаркөл тұрғындары үшін бұл мәдени нысанның маңыздылығын атап өтті.
«Өнер – әр адамның өмірінің маңызды бөлігі. Ауылдағы мәдениет ошағын сақтауға үлес қосқандардың барлығына алғыс айтамын. Енді жаңа ғимаратта шығармашылықтың дамуына жаңа серпін беріледі», – деді Марат Ахметжанов.
Сондай-ақ өңір басшысы жабдық сатып алуға арналған ақшалай сертификат табыстады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1186501?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау