Талдықорған қаласында наркограффити салумен айналысқан ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Сот оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оңай табыс табуға ұмтылыспен басталған оқиға бостандықтан айырылумен аяқталды.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың қараша айында полиция қызметкерлері 36 жастағы жергілікті тұрғынды көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде кезекті жазуды түсіруге әрекеттенген сәтінде ұстаған. Оның жанынан аэрозольді баллон және кураторларымен байланысқа арналған ұялы телефон табылған.
Тергеу барысында оның Талдықорған қаласы мен облысы Жетісу Ескелді ауданында есірткі және психотроптық заттарды заңсыз жарнамалаумен айналысқаны анықталды. Әрбір жазу үшін ол 1000 теңге көлемінде ақы алып отырған.
Тергеу барысы прокуратураның тұрақты бақылауында болды — қадағалау алғашқы күндерден бастап үкім шыққанға дейін жүргізілді.
Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, жастарға үндеу жасады:
«Менің қателігімді қайталамаңыздар. Оңай ақша болмайды».
«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында, қала прокуратурасы мен соттың бастамасымен бұл процесс жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Сот отырысына студенттер қатысып, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы колледждер қосылып, іс-шараға профилактикалық сипат берілді.
Полиция қызметкерлері атап өткендей, мұндай «оңай табыс» артында нақты жаза мен тағдырларды талқандайтын салдарлар тұр.
#законипорядок #заңментәртіп #приговорсуда
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1186405?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау