Қонаев қаласында Көрісу күні – Амал мерекесіне орай ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды. Алматы облысы Полиция департаментінің жас мамандары қала тұрғындарын көктемнің жаршысы саналатын дәстүрлі мерекемен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шара Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінің алдында өтті. Полицияның жас қызметкерлері тұрғындармен көрісіп, ізгі тілектерін білдіріп, өз қолдарымен пісірілген бауырсақтарын халыққа таратты. Қала тұрғындары бұл бастаманы жылы қабылдап, полицейлерге алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, жас мамандар мерекелік көңіл күйді әрі қарай Полиция департаменті аппаратының қызметкерлерімен бөлісті. Олар кабинеттерді аралап, әріптестерімен көрісіп, бір-біріне амандық пен береке тіледі.
Шараның басты мақсаты – Көрісу күні дәстүрін дәріптеу, халықпен және әріптестермен жылы жүздесу арқылы бірлік пен татулықты нығайту, сондай-ақ қоғамда мерекелік көңіл күй қалыптастыру болды.
Айта кетейік, Көрісу күні – қазақ халқының көне дәстүрлерінің бірі. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін білдіреді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1185883?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау