AI-Mektep — жасанды интеллект негізінде құрылған жаңа буындағы білім беру платформасы. Ол мектеп оқушыларын емтихандарға (ҰБТ) дайындауға және заманауи оқу дағдыларын дамытуға арналған. Жоба цифрлық AI-платформаны және білім беру кеңістігін біріктіреді, мұнда оқушылар виртуалды AI-тәлімгердің көмегімен пәндерді өз қарқынымен меңгере алады.
Платформа интерактивті сабақтарды, бейне және аудио түсіндірмелерді, тесттердің автоматты түрде жасалуын және оқу үлгерімін талдауды ұсынады. Жобаның негізгі мақсаты — сапалы білімге қолжетімділікті арттыру, оқушылардың ынтасын күшейту және өңірдің білім беру ортасына жасанды интеллекттің заманауи технологияларын енгізу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1185647?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау