Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – адам мен табиғаттың үндестігін, қоғамдағы бірлік пен келісімді бейнелейтін жаңарудың, жаңғырудың, жасампаздықтың символы. Наурыз мейрамында халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бай дәстүрі мен рухани құндылықтары жинақталған. Ол адамдарды біріктіреді, достықты нығайтады, өзара сыйластыққа тәрбиелейді.
Қарабалық ауданы достықтың, татулықтың, бірліктің өнегесі. Мұнда түрлі ұлт пен конфессияның өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бір-бірін сыйлап, ұлттық және халықтық салт-дәстүрлерін қастерлеп, Наурыз мейрамын бір үлкен, тату отбасындай тойлайды.
Қадірлі жерлестер! Осынау нұрлы мереке әрбір үйге жылулық, қуаныш, келісім алып, жүректеріңіз ертеңгі күнге деген сенімге толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, барлық бастамаларыңызға табыс, әрбір отбасына бақ-береке тілеймін.
Қарабалық ауданының әкімі Р.Халықов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1186432?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау