Сіздерді еліміздің мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – татулық пен бірліктің, мейірім мен ізгіліктің, ырыс пен берекенің символы. Бұл күн – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің түлейтін, адамзаттың жүрегіне үміт пен қуаныш сыйлайтын ерекше мереке. Осынау жарқын мереке баршаңызға амандық, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке әкелсін. Елімізде тыныштық пен тұрақтылық, ынтымақ пен бірлік нығая берсін! Баршаңызға бақыт, шаттық және толайым табыс тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз биік болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-pervomaiskoe/press/news/details/1186449?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау