Құрметті жітіқаралықтар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жарқын көктем мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған бұл дәстүрлі мереке жаңаруды, үйлесімділік пен келісімді білдіреді. Ол халқымыздың рухани құндылықтары мен  өзара құрмет пен көршілік қасиеттерінің маңыздылығын сақтай отырып, игі әдет-ғұрыптар ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырады.                    

Наурыз – табиғат жандану кезеңі, болашаққа деген үміттерінің, жаңа жоспар құруының, көкейтесті армандар орындалуының символы. Шуақты әрі жарқын мереке бірлік, келісім мен өзара түсінушілікті бейнелейді. Сондықтан Наурыз мейрамы адамдарды біріктіріп, жылулық пен ізгі тілекке толы атмосфераға бөленіп, бүгінде еліміздің өмірінде ерекше орын алады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша адамдар мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, ақ баталарын берген. Көктемнің жарқын белгісіндей болатын осынау мереке бірлік пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді. Сол себепті халық арасындағы достықты, бауырластық қарым-қатынасты бекіту – еліміз және өскелең ұрпағымыздың жарқын болашақ кепілі.  

Құрметті жерлестер! Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен береке тілеймін! Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке әкелсін, әр отбасында – ырыс пен ынтымақ орнасын!

 

        Жітіқара ауданының

                     әкімі                                                                                                          А. Жаныспаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1186368?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version