Құтқарушылар заманауи технологиялар туралы баяндады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19 наурыз — Жаңару күні. Бұл – елдің дамуына серпін берген жаңа дәуірдің нышаны, цифрлық трансформацияның алдыңғы қатарға шыққан кезеңі.

Осы күні Ақмола облысының ТЖД құтқарушылары күнделікті қызметте енгізілген заманауи технологиялар туралы айтып берді. Атап айтқанда, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздестіру-құтқару жұмыстары барысында арнайы ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланады. Олар қатты желге төзімді, ал камералары бірнеше шақырым қашықтықтағы аумақты бақылауға мүмкіндік береді.

Жаңартулар байланыс құралдарын да қамтыды. Бүгінде құтқарушылардың қарауында заманауи цифрлық радиостанциялар бар. Командалық-штабтық машиналар мен байланыс кешенінің автокөліктері кез келген жерде тұрақты байланысты қамтамасыз етіп, төтенше жағдай орындарынан онлайн режимде бейнетрансляция жүргізуге мүмкіндік береді.

 

Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мүдделі құрылымдармен бірлескен жобалар аясында ТЖД жедел штабы мен жоспарлау және жедел басқару орталығы ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен облыстың әртүрлі аудандарындағы су тасқыны жағдайын бақылауда. Сонымен қатар, Полиция департаменті мен «Бурабай» МҰТП камералары арқылы облыс аумағындағы, әсіресе облыс орталығы мен ұлттық парк аумағындағы өрт жағдайы қадағаланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1185700?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version