Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралардың өткізілуіне байланысты қала орталығында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Шектеу мерзімі:

21 наурыз сағат 10:00-ден

22 наурыз сағат 22:00-ге дейін

Келесі учаскелерде қозғалыс уақытша жабылады:

 Қайым Мұхамедханов көшесі (Шмидт көшесінен Ибраев көшесіне дейін)

 Абай көшесі (Шәкәрім даңғылынан Алаш Қозбағаров көшесіне дейін)

 Алаш Қозбағаров көшесі

 Мұхтар Әуезов алаңы және оған іргелес аумақтар

 бекітілген сызбаға сәйкес өзге де көшелер.

Қоғамдық көлік қозғалысы уақытша айналма бағыттар арқылы ұйымдастырылады. Тасымалдаушыларға маршруттардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, қозғалыс аралығын сақтау және жолаушыларды дер кезінде ақпараттандыру тапсырылды.

Осы кезеңде қоғамдық көлік жұмысына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1185818?lang=kk

Exit mobile version