«Шахтёр» футбол клубының жанынан алғаш рет әйелдер командасы құрылды. Енді бұл ұжым елдегі кәсіби футболдың ең жоғары дивизионы — Қазақстан Премьер-лигасында клуб намысын қорғайды.
Команданың негізгі құрамын 2005–2010 жылдары туған клуб тәрбиеленушілері құрайды. Олар — «Шахтёр» жүйесінде дайындықтан өткен жергілікті футболшылар, енді ересектер деңгейінде өз шеберліктерін көрсетуге дайын. Құрамды күшейту мақсатында «Астана» клубынан екі спортшы қосылды.
Команда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп үлгерді және сәуір айының ортасына жоспарланған келесі жиынға дайындық жүргізуде.
Жаңа маусымдағы әйелдер командасының дебюті Қарағандыда өтеді: алғашқы қарсылас — Семейдің «Елімай» клубы. Бұл кездесу маусымның ашылуына айналып, клуб тарихындағы жаңа парақ болмақ.
«Шахтёр» футбол клубында әйелдер командасының Қазақстан Премьер-лигасына қатысуы клуб дамуының маңызды кезеңі екенін атап өтті. Бұл қадам әйелдер футболын қолдауға және дамытуға, сондай-ақ жергілікті ойыншылардың әлеуетін ашуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1185944?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау