Шығыс Қазақстанда мұзды жару жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірдегі су тасқыны жағдайын едәуір қиындатуы мүмкін мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында облыста бірқатар алдын алу шаралары жүргізілуде.
Күршім ауданында Маралды және Теректібұлақ ауылдарының маңында өзендердегі мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл судың арнасынан аспай, еркін өтіп, аумақтарды су басудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Жалпы жүргізілген жұмыстардың көлемі 21700 шаршы метрді құрады.

«Бұл іс-шаралар су тасқыны кезеңінде қолайсыз жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Осындай тәсіл арқылы мұз жамылғысын бұзып, оның қозғалуын жеңілдетеді. Негізгі мақсат – мұз кептелістерінің алдын алу», – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1185649?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version