Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мынадай бағыттар:
-мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қозғайтын құқықтық және өзге де актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
-мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1185730?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version