Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесі мен Ораза айт қарсаңында ҚМДБ-ның Түркістан облысы, Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті.
Шара «Қуаныш Ешенқұл» жеке қорының демеушілігімен ұйымдастырылып, 200 әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.
Іс-шара Қасиетті Құран оқумен басталып, оған аудан бас имамы Үсен Сәуірбаев, «Қуаныш Ешенқұл» қорының өкілдері және аудан мақтанышы, әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов қатысты.
Арман Оспанов жиналғандарды Ораза айт пен Наурыз мерекелерімен құттықтады. Ауданның бас имамы Үсен Сәуірбаев демеушілерге алғыс айтып, ата-баба рухына Құран бағыштап, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.
Мұндай қайырымдылық шаралары қоғамдағы өзара көмек пен жанашырлықты нығайтуға үлес қосады.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау