Құрметті спорт сүйер қауым, спортшылар мен бапкерлер!
Бұл мереке халқымыздың күші мен рухын, дәстүрлерін бейнелейді. Біздің ата-бабаларымыз үшін спорт әрдайым өмір салтының ажырамас бөлігі болды. Көкпар, қазақ күресі, асық ату және басқа да ұлттық ойындар қазақ халқының бай мұрасын айқындайды. Қазіргі заманғы спорт түрлері елімізді әлемдік аренада танытып, Қазақстанның абыройын асқақтатуда.
Спорт – тек жеңіс пен рекордтар ғана емес, ол – мінезді қалыптастыру, мақсатқа жету және жігерді шыңдау. Ол ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, патриотизмді нығайтады және үлкен жетістіктерге жетуге шабыттандырады. Біз еліміздің намысын қорғап жүрген спортшыларымызды мақтан тұтамыз және олардың жетістіктеріне өз үлесін қосып жүрген бапкерлер мен мамандарға алғысымызды білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1186389?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау