Бүгін – Жаңару күніне орай «Turan» арнайы экономикалық аймағында көгалдандыру және абаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жалпы саны 6800 түп ағаш және гүл көшеттері отырғызылды. Атап айтқанда, шырша, петуния, бархатцы сынды сәндік өсімдіктер егілді.
Сонымен қатар, АЭА аумағындағы жол бойындағы жаяу жүргіншілер жолдары ретке келтіріліп, тұрғындар мен келушілер үшін қауіпсіздік пен қолайлылық деңгейі арттырылды.
Аталған жұмыстар аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға, жасыл желекті көбейтуге және аумақтың эстетикалық келбетін арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1185602?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау